Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

"ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАШАН АШЫЛАДЫ?" ӘКІМ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРГЕ ШЫҚТЫ

Уақыты: 07.05.2020
Оқылды: 849
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ "Инстаграм" әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, тұрғындар қойған сауалға жауап берді. Бұл туралы taldykorgan-online.kz мәлімдеді. Төменде тұрғындардың сұрағы мен Талдықорған қаласы әкімінің жауабы жарияланып отыр.

СҰРАҚ: — Талдықорғанға қалай кіре аламыз?

ЖАУАП: — Карантин уақытында қалаға тек тіркелген азаматтар ғана кіре алады.

СҰРАҚ: — Алматыға қашан жол ашылады?

ЖАУАП: — 11 мамырға дейін блок пост, санитарлық бекеттердің барлығы жұмыс істейді. Тек карантин уақыты аяқталғанда ғана қалаған қалаңызға баруыңызға болады.

СҰРАҚ: — Қоғамдық көліктер қашан жұмысын бастайды?

ЖАУАП: — Бүгінгі күні саяжай массифтеріне қатынайтын автобустарды ғана жүргіздік. Қалған қоғамдық көліктер карантин уақыты аяқталған уақытта жұмысын бастайды.

СҰРАҚ: — Текеліде саяжайым бар еді. Сол жаққа барып келуіме болады ма?

ЖАУАП: — Иә, әрине. Текеліде саяжайыңыз бар екендігін растайтын құжатыңызды көрсетіп, барып келуіңізге мүмкіндік бар.

СҰРАҚ: — Елімізде вирус жұқтырған адамдардың саны күн сайын артып келеді. Осындай сәтте карантиннің ашылғаны дұрыс па?

ЖАУАП: — Оны біз шешпейміз. Бұл президенттің бақылауындағы нәрсе. Бізде ешқандай ауру тіркелген жоқ. Бірақ мен карантинді тағы 10 күнге соза дұрыс болатын шығар деп ойлаймын.

СҰРАҚ: — Көпбалалы аналарға үй беріледі ме?

ЖАУАП: — Бүгінде Талдықорғанға кіре беріс жерде коттеджді қалашықта 300 үй салынып жатыр. Бұйырса биыл шілде, тамыз айларында құрылысы аяқталады. Соның жартысын көпбалаы аналарға беретін боламыз. Одан бөлек, 8-ші шағын ауданда көпбалалы аналарымызға арнап 5 қабатты үй тұрғызып жатырмыз. Сәті түссе оны да шілде айында беретін боламыз. Жалпы, биыл көпбалалы аналарымызға баспаны көптеп беру жоспарымызда бар.

СҰРАҚ: — 3-ші бөлімшенің инфрақұрылымы жоқ. Осыған назар аударыңызды сұраймыз?

ЖАУАП: — Иә, мен бұдан хабардармын. Қазір құжаттары жасалып жатыр. Жуырда құрылыс жұмыстары басталады.

СҰРАҚ: — Комерциялық нысандар қашан жұмысын бастайды?

ЖАУАП: — Бүгінде шаштараз, ТЖО, нотариус сынды жерлер жұмысын бастады. Алайда, олар тек қабылдауға жазылу арқылы ғана жұмыстарын жүргізіп отыр. Ал, үлкен сауда нысандары, ойын сауық кешендері карантиннің үшінші кезеңі аяқталғанда ашылады.

СҰРАҚ: — Қаладағы дәріханалар медециналық бетперделермен қашан толық қамтылады?

ЖАУАП: — Мен жақында барлық дәріханаларды аралап шықтым. Бүгінде маскаға тапшылық жоқ. Мейрамның алдында бетперделердің бағасын тұрақтандыру жөнінде жиналыс өткізгенмін. Жақын күндері тағы да бұл мәселені талқылайтын боламыз.

СҰРАҚ: — 9 мамыр жеңіс күні қалай өтеді?

ЖАУАП: — Бұл күні ескерткішке гүл шоқтары қойылады. Одан кейін облыс әкімімен бірігіп соғыс ардагерлердің үйіне кіріп құттықтап шығатын боламыз. Бірақ, мереке күні халықты жинап, тойламаймыз.

СҰРАҚ: — Ел ағасы маған 4 машина грабер түсіріп берсеңіз. Мен, Семей полигонында туған мүгедекпін. Зейнетақы алмаймын, жас отбасымын, екі балам бар.

ЖАУАП: — Сіз өзіңіз жайлы бізге толық мәліметтіңізді қалдырыңыз. Көмектесеміз.

СҰРАҚ: — Кезек бойынша жер қашан беріледі? Еркін ауылында тұрамыз. Күтіп жүргенімізге 14 жыл өтті.

ЖАУАП: — Бүгінде Қаратал ауданына қарай шыға берісте Үштөбенің жолында 500 жер телімін дайындап жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер су, жол, электр қуаты тартылмай ешқандай жер берілмейді. Инфрақұрылым жұмыстары аяқталғаннан кейін биыл тіркеуде тұрған бірінші 500 адамға екінші жарты жылдықта жер телімін беретін боламыз.

СҰРАҚ: — Бұқарбай жырау көшесі қашан жөнделеді?

ЖАУАП: — Бүгінде жол картасы бойынша жол жөндеуге Талдықорған қаласына 9,9 млрд теңге бөлінген. Биыл алдымен 16 көшені жөндеу жоспарымызда бар. Соның ішінде Бұқарбай жырау көшесі де бар.

СҰРАҚ: — Жер кезегіне қалай тұруға болады?

ЖАУАП: — Ол үшін әкімдікке менің атымма өтініш жазасыз. Сізді тіркеуге қоямыз.

СҰРАҚ: — "Сити+" сауда кешені қашан ашылады?

ЖАУАП: — Бұл суда үйі карантин уақыты аяқталған уақытта ашылады.

СҰРАҚ: — Қызылтас саяжайындағы жол, көпір мәселесі жайлы айтып өтсеңіз.

ЖАУАП: — Бүгінде бұл саяжайда екі көпір салынып, жолдары жөнделеді.

СҰРАҚ: — "Бугорға" мектеп салына ма?

ЖАУАП: — Биыл ол елдімегенге мектеп салу жоспарымызда жоқ.

СҰРАҚ: — Балпық би көшесі жөнделе ме?

ЖАУАП: — Бұл көше биыл жөндеуден өтеді. Жоспарда бар.

СҰРАҚ: — Сыра сататын дүкенімді ашуға болады ма?

ЖАУАП: — Сіз әзірге тапсырысты жеткізу бойынша жұмыс жасай аласыз. Бірақ, дүкенді карантин біткенде ғана ашуға рұқсат.

СҰРАҚ: — Балабақшалар қашан ашылады?

ЖАУАП: — Картантин біткенде жұмысын бастайды.

СҰРАҚ: — Сіздің халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрген кезде этика бұзғандығыңыз жайлы видеоңыз әлеуметтік желілерде таралып кетті. Халықтан кешірім сұрайсыз ба?

ЖАУАП: — Этиканы бұздым деп ойламаймын. Мен ол кезде бар болғаны Талдықорған тұрғындарын коронавирустан сақтануға шақырып, көшеде бей-берекет жүрмеуге үндедім. Кейбіреулер мені «Ей!» деп дауыс көтерді бұрмалап жіберіпті. Негізінде мен олай айтқан жоқпын. Сол кезде автобус оталып, оның даусы қатты шығып тұрғандықтан әлгі кісіні «Оу!» деп өзімізге қаратпақ болдық.

Иә, халыққа кішкене қаттырақ сөйлеп жібергенім рас. Кешірім сұраймын. Бірақ өздеріңіз білесіздер сол уақытта адамдардың көбісі көшеде жай әшейін қыдырып жүрді. Біз соларды үйде отыруға шақырдық.

СҰРАҚ: — ХҚКО қашан ашылады?

ЖАУАП: — Карантин біткенде ашылады. Әзірге ондағы мамандар онлай жүйеде жұмыс істеп жатыр.

СҰРАҚ: — Жол картасы бойынша жұмысқа орналасуға болады ма?

ЖАУАП: — Иә, болады. Жұмыспен қамту орталығына барып құжаттарыңызды өткізіңіз.

СҰРАҚ: — "Бугорға" газ келеді ме?

ЖАУАП: — Биыл ол жаққа табиғи газ тартылады.

СҰРАҚ: — Дүкендер қашанға сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді?

ЖАУАП: — Карантин уақыты біткенде бұл шектеуді алып тастаймыз.

СҰРАҚ: — Абылайхан мен Красина көшесінің қиылысындағы көпқабатты үйдің ауласында жарық жоқ. Кімге хабарласса болады?

ЖАУАП: — Тұрғын үй және коммуналдық шарушылық бөлімінің басшысы Нұрлан Шаяхметовке хабарлассаңыз болады. Телефоны 24-67-10, 24-31-33, +7 708 401 10 80.

СҰРАҚ: — Садовая көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі ме?

ЖАУАП: — Қарап көрейік. Егер биылдық жоспарға енсе, жөнделеді.

СҰРАҚ: — "Шығыс" шағынауданында газ салынған жерлерді қашан жөндейді?

ЖАУАП: — Мен ол жерлерді аралап шықтым. Карантин уақыты біткенде қолға аламыз.

СҰРАҚ: — Қалада жаңа жұмыс орындары ашылады ма?

ЖАУАП: — Біз жақында индустриалды аймақта май шығаратын жаңа зауыт аштық. Ол жерде бастапқыда 50 адам жұмысқа тұрды. Ал, зауыт толық күшіне енгенде тағы 300 адам жұмыспен қамтылмақ. Одан бөлек, екі айдан кейін қаламызда керамикалық плитка шығаратын тағы бір зауыт ашылмақ. Ол жерде 100-ден аса адамға жұмыс бар. Егер сіз құрылысшы болсаңыз, бізде жұмыс жеткілікті. Ол үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжан Оспановаға хабарлассағыз болады. Телефоны 24-29-13, +7 778 684 02 60.

СҰРАҚ: — Монша қашан ашылады?

ЖАУАП: — 11 мамырдан кейін.

СҰРАҚ: — Тұрғын үй аулаларының жұмысы қалай жүріп жатыр?

ЖАУАП: — Былтыр 48 ауланың құрылысын бастадық. Оның 10-ны аяқталды. Қалған 38 аула биыл жазға дейін бітеді.

СҰРАҚ: — Талдықорғанға кіре берістегі блокпостты қашан алады?

ЖАУАП: — Бізде блокбекеттер жоқ. Тек қана сантитарлық посттар жұмыс ісетеп тұр. Егер жағдай оңалса оларды алатын боламыз.

СҰРАҚ: — Жалғызбасты анамын. Үйім жоқ. Қалай аламын?

ЖАУАП: — Егер кезекте тұрған болсаңыз, кезекпен аласыз. Немесе «Бақытты отбасы», «7-20-25» сынды бағдарламалар арқылы баспанаға ие болу мүмкіндігіңіз бар.

СҰРАҚ: — 28 маусым той жасауға болады ма?

ЖАУАП: — Мамыр айын аман-есен өткізіп алайық. Әлі оған дейін екі ай бар ғой. Алла амандығын берсе, тойды да тойлайтын боламыз.

СҰРАҚ: — Мен көпбалалы анамын. Үй кезегінде 413 болып тұрмын. Биыл кезегім келеді ме?

ЖАУАП: — Біз биыл көпқабатты үйлерді көптеп саламыз. Егер сіз көпбалалы ана ретінде 413-шы болып кезекте тұрсаңыз жыл соңына қарай алып қалуыңыз мүмкін. Бірақ нақты айта алмаймын. Күтіңіз.

СҰРАҚ: — Назарбаев көшесі 99 үйдің ауласындағы қоқыс орнын жөндеу керек?

ЖАУАП: — Карантин біткеннен кейін жасаймыз. Өтінішіңізді қабылдадық.

СҰРАҚ: — 14 маршрут өтетін жолдар қашан жөнделеді?

ЖАУАП: — Биыл жоспар бойынша 14 маршрут жүретін көшелердің біразы жөндеуден өтеді.

СҰРАҚ: — Ауылда тіркеуде тұрып, қаладан жас отбасы бойынша жер теліміне кезекке тұруға болады ма?

ЖАУАП: — Жоқ. Егер сіз қалада тіркеуде болмасаңыз кезекке тұра алмайсыз.

СҰРАҚ: — Сіздің қабылдауыңызға жазылсам болады ма?

ЖАУАП: — Иә, әрине. 24-73-79 телефон нөміріне хабарласаңыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"