"ОН КҮН ІШІНДЕ НӘТИЖЕСІ ШЫҒАДЫ": БАЛА АСЫРАП АЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ

Уақыты: 11.08.2020
Оқылды: 1722
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Егер сіз қандайда жағдайларға байланысты бала асырап ала алмасаңыз, онда баланы патронаттық тәрбиелеуге алып көріңіз. Ал біз баланы патронаттық тәрбиелеуге алу және оны асырап-бағуға ақшалай қаражат тағайындауды онлайн рәсімдеу жолын көрсетеміз.

- Egov.kz порталына кіріңіз;

Порталдың қызметтер тізіміндегі «Отбасы» бөлімінен «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» қызметін табыңыз;

Қызметті онлайн сұратыңыз;

- Бірінші қадамда сұратылған мәліметтерді толық толтырып шығыңыз;

Егер сіз некеде болсаңыз, жұбайыңыздың ЖСН нөмірін көрсетуіңіз керек. Ал жұбайыңыз ЭЦҚ арқылы жеке кабинетінен он күн ішінде келісімін беруі шарт.

- Екінші қадамда сіздің және жұбайыңыздың денсаулық жағдайы және сіздің біліміңіз туралы ақпараттардың скан көшірмелерін порталға жүктеу арқылы көрсетіңіз;

- Сіз жайлы қылмыс жасау мәліметтердің жоқтығы мен жұбайыңыздың  электронды келісімін алуға рұқсат беріңіз;

- Үшінші қадамда, жүйеден сұратылған мәліметтер порталға шыққанша жаңартыңыз. Мәліметтер 10 күнге дейін жаңартылуы мүмкін;

- Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;

Қызметті онлайн сұратқанда сізге төмендегі құжаттардың скан көшірмелері немесе электрондық нұсқалары қажет болады:

- Қызмет алушының, егер некеде тұрса оның; жұбайының да денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ наркологиялық және психатриялық диспансерлерде  есепте тұрмағаны жөнінде анықтамалар;

- Қызметалушы некеде болса, онда оның жұбайының нотариус арқылы расталған келісімі;

- 2008 жылға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі;

- Өтініш беруші отбасының жеке меншігінде тұрғын үйі болмаса, тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттар;

- Өтініш берушінің білімі туралы мәліметтер;

- Баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.

Қызметтің нәтижесін 10 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізден біле аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"