Мүшәйра! «Ел қорғаны – Ескелді» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы жарияланды

Уақыты: 21.09.2023
Оқылды: 1358
Бөлім: АРДЫҢ ІСІ

Жетісу облысының әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Ескелді би» қоғамдық қоры, облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалы бірлесе ел тұтастығы  мен береке-бірлігін сақтауға өлшеусіз үлес қосқан даңқты бабаларымыздың бірегейі – Ескелді би, әулие, батырдың 330 жылдығына арналған «Ел қорғаны – Ескелді» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасын жариялайды.

 

Мүшайра 2023 жылдың қазан айында өтеді.

Мүшәйраның мақсаты:

Абылайдың ақ туының астынан табылып, елдігімізді қорғаған Ескелді Жылкелдіұлының ерлігі мен қолбасшылық қабілетін, қабырғалы би, көсем де шешен,  әулиелік, кемеңгерлік келбетін паш ету;

Марапаттау рәсімі Ескелді би Жылкелдіұлының 330 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция үстінде  жүргізіледі;

 Қатысушылар бұрын жарияланбаған туындылары мен жеке суретін төменде көрсетілген электронды почтаға жібереді;

Мүшәйраға ұсынылатын шығармалар 2023 жылдың қыркүйек айының 12-нен қазан айының  12-не дейін қабылданады.

 

Мүшәйраның талаптары:

Мүшәйраға қатысушы үміткерлерге жас мөлшері шектелмейді;

Ескелді биге арнау және еркін тақырыпта бір өлең ұсынылуы міндетті;

Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында жіберілуі қажет;

Жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды.

Мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдар және қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Мүшәйраның марапаттау рәсіміне қазылардың іріктеуінен өткен жүлдегерлер ғана шақырылады. Шараның өту форматы мен нақты мерзімі қосымша хабарланады.

 

Тапсырылатын құжаттар:

Үлгі бойынша өтінім;

заңды түрде расталған төлқұжатының көшірмесі;

қатысушының 1 фотосуреті.

 

Қосымша анықтамалар алу үшiн мына мекенжайға хабарласу қажет:

Жетісу облыстық халық шығармашылығы орталығы

Талдықорған қаласы, Ғ. Орманов көшесі, 61

Байланыс телефондары: 8 (7282) 24-41-61; 32-45-28.

Электронды пошта: 7su.ocnt@mail.ru

Ескелді би Жылкелдіұлының 330 жылдығына арналған «ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ЕСКЕЛДІ» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасына.