«Бағыт» әдеби II Республикалық байқауы өтеді

Уақыты: 16.10.2023
Оқылды: 793
Бөлім: АРДЫҢ ІСІ

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қолдауымен “Өнертану” факультетінің “РИТМ” шығармашыл жастар лабораториясы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Бағыт» атты әдеби шығармалардың II Республикалық байқауын ұсынамыз.

Байқаудың негізгі мақсаты жасөспірімдер арасында жазуға бейім балалардың шығармашылығына қолдау білдіру.  Озық ойлы жастарды қазақ әдебиетіне бағыт бұруға ат салысу. 

Байқаудың қатысушылары:

- Шығармаларымен танылып келе жатқан 18 жасқа дейінгі қаламгерлер

қатыса алады.

Байқаудың тілі: қазақ тілі

Байқаудың бағыттары: 

Байқауға қатысушылар тәуелсіздік тақырыбында:

– Әңгіме

– Ертегі

– Поэзиямен бақ сынайды.

Байқаудың мерзімдері: 

Байқауды өткізу шарттары, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттар баспа 

және интернет БАҚ-та жарияланады;

Байқауға қатысушы үміткерлер өздерінің шығармаларын және жеке 

мәліметтерді толтырып, бір файлға жүктеп, miyaal@mail.ru электронды поштаға

2023 жылдың 10 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) жолдауы қажет; 

- Байқау шығармалары – 2023 жылғы 14 желтоқсанға дейін қазылар 

алқасының сараптамасынан өтеді;

- Байқау қорытындысы – 2023 жылдың 15 желтоқсан айында 

жарияланады;

 

Шығармаларға қойылатын талаптар: 

1. Мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді.

2. Байқау жұмыстары MS Word форматында Times New Rоman 

қарпімен, 14 қаріп мөлшерінде 1,0 аралықта теріліп, 3-5 беттен аспауы керек.

Жеңімпаздарды марапаттау: 

Жеңімпаздар үш бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ орындар мен ынталандыру 

сыйлықтары бойынша марапатталады. Марапаттау рәсімі 2024 жылдың 

қаңтар айында өтеді.

Жеңімпаздар туралы ақпараттар   @_ritm_academy инстаграм

парақшасына жарияланады.

https://www.instagram.com/p/Cx7tGIJNyQb/?igshid=NmQ4MjZlMjE5YQ==

ADEBIPORTAL.KZ