ТІГІНШІ МАМАНДЫҒЫН ОҚЫҒАН БІР ТОП ӘЙЕЛГЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Уақыты: 13.08.2022
Оқылды: 1231
Бөлім: ОН САУСАҚ

Талдықорған қаласында тігінші мамандығы бойынша бейінді оқыту сертификаттарын салтанатты тапсыру рәсімі өтті. Осы бағыт бойынша 26 әйел оқуын аяқтады.

Аталған жобаны әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы іске асырды. Ендігі кезекте сертификат алған қыз-келіншектердің өз ісін ұйымдастыруға мүмкіндіктері бар.

Салтанатты шара аясында Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі Сәния Наурызбаева және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының өкілдері Светлана Оңғарбаева мен Мәдина Байборинова сөз сөйлеп, болашақ тігіншілерді сертификат алуымен құттықтады. Мұндай бағдарламалар кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар қыз-келіншектер үшін жаңа мамандықты игеріп, тегін оқуға жол ашады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Жетісу облысы