Асыл тұқымды жылқы мен ақ бас сиыр өсіреді

Уақыты: 23.01.2024
Оқылды: 1848
Бөлім: ОН САУСАҚ

Еліміздегі мал шаруашылығы саласын дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Соның айғағы кейінгі жылдары елімізде мал асылдандыру жұмыстары қарқынды жүзеге асып келеді.

Мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көріп, шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіп иелері Ақсу ауданында да баршылық. Солардың бірі Ақсу ауылдық округіндегі - “Ілияс” шаруа қожалығы. 

Асыл тұқымды жылқы мен қазақтың ақ бас сиырларын өсірумен айналысып отырған шаруашылық 2018 жылы құрылған. Онда 600-ге жуық жылқы, 350 сиыр өсірілуде. Инвестициялық жоба шеңберінде жайылым жер, мал шарушылығына арналған несие, лизинг, субсидияларын алып кәсібін дөңгелетіп отыр.

- Біз шаруашылық құрылғаннан бастап жылқыны асылдандыру мақсатында әр өңірден жабы, мұғалжар тұқымды айғырлар алып келіп қостық, қазіргі күні мал жерсіндіріліп жылқы саны артып келеді. Алдағы уақытты қазақтың ақбас сиырын өсіріп, бірінші деңгейлі асыл бұқаларды өсіруді мақсат етіп отырмыз. Асыл тұқымды малдың өнімі жоғары сапалы болуымен қатар, одан алынған ет пен сүттің мөлшері де көп, суыққа төзімді, көп күтімді қажет етпейді, - деді Жанар Шаншарбаева.

Шаруашылық 11 отбасыны жұмыспен қамтып отыр.

"Жетісу-Ақпарат"