Талпынғанның табысы мол

Уақыты: 15.02.2024
Оқылды: 1424
Бөлім: ОН САУСАҚ

«Ауыл аманаты» бағдарламасының  шарапатын көріп отырған жанның бірі – сарқандық Айтжамал Боранғазова. Айтжамал Зейнешқызы 8 млн. теңге қомақты қаржыға несие алып,  мал шаруашылығын өрістетуде.

– 2022 жылдың жазында қалалық әкімдікке бардым. Бағдарламаның шартымен танысып, конкурсқа қатысу жолын сұрадым. Мамандар көрсеткен құжаттар тізімдемесін жинадым. Барлық құжатым жинақталып болған соң жеке кәсіпкерлігімнің атына жылына 2,5 пайызбен 8 млн. 600 мың теңге алдым. Сол қаражатқа 22 бас герефорд тұқымды бұқа алып, бордақылап отырмын, – дейді Айтжамал Боранғазова. 

Несие қаражатына малға қажетті жемшөп, дәрумендер де алынған. 

Бүгінде 2 адамды жұмыспен қамтып отырған Айтжамал Боранғазова болашақта мал басын көбейтіп, мал шаруашылығын өркендету жоспарымен бөлісті.
Шындығында үлкен бизнес кішкентай кәсіптен басталады.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы
Фото: poltavadm.ru