ҚАЗҚҰТҚАРУ-2021: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

Уақыты: 24.09.2021
Оқылды: 2254
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Таңбалытас шатқалында орналасқан оқу-жаттығу полигонында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің басшылығымен «Қазқұтқару-2021» құтқару көпсайысы және әскери-құтқару үшсайысы бойынша жарыстардың ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанның құтқару бөлімшелері және Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметші-құтқарушылары қатысуда. Құтқару көпсайысы және әскери үшсайыс бойынша жарыстардың бас төрешілер алқасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасақтары мен шет мемлекеттердің төтенше ведомстволарына қатысушы командалар арасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тән табиғи және жасанды кедергілерден тұратын қашықтықтардан өту барысында құтқарушылардың үздік командаларын айқындауды жүзеге асыратын болады.

Қазақстан Республикасы ТЖМ жедел-құтқару жасақтары және Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметші-құтқарушылары командаларының әскери-құтқару үш сайысы арасындағы құтқару көпсайысы бойынша жарыстар іздестіру-құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру және жедел-құтқару жасақтары арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау, авариялық-құтқару құралдары мен техникасын пайдаланудың озық әдістерін меңгеру, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен алмасу, құтқарушылардың кәсіптік даярлығын жетілдіру мақсатында өткізіледі.

Жарыс үш қашықтықты, атап айтқанда, «Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын», «Акваторияда іздестіру-құтқару жұмыстары» қашықтығын, «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясын қамтиды.

Жарыстың бірінші күні қатысушылар «Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» құтқару көпсайысы бойынша қашықтықтар мен «Кросс» және «Кешенді күштік жаттығулар» әскери-құтқару үшсайысы бойынша қашықтықтардан өтеді.

Жарыстар 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"