Қазгидромет синоптиктері 11 сәуір, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады

Уақыты: 11.04.2023
Оқылды: 557
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Республиканың көп бөлігі әлі де атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Соның салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады және жаңбыр мен қар жауады, делінген Қазгидромет синоптиктері таратқан ақпаратта. 

Оңтүстікте таулы аймақтарда кей уақытта қатты жаңбыр жауады.

Тек Қазақстанның солтүстігі мен батысында күн ашық.

Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстік-батыста тұман, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, орталығында және тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ