Әскери қызметшілердің жолда жүру кезіндегі оқиғалардың алдын алу айлығы өтуде

Уақыты: 19.04.2023
Оқылды: 752
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласындағы Әскери госпиталь базасында  «Өмірді сақта» және құқық бұзішылықтардың алдын алу бойынша госпиталдің жеке құрамымен іс-шара өтті.

Оның мақсаты – әскери қызметшілердің жолда жүру кезінде орын алатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау. 

Шараға Әскери полиция бөлімі әскери автомобильдік полициясы бөлімшесінің өкілдері арнайы шақырылып, әскерилер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берді. Сондай-ақ жеке құрамға түрлі жағдайда орын алатын жол апаты бойынша мысалдар келтіріліп, түсіндірілді.

- Біздің әскери госпиталде құқық бұзушылық оқиғалары сирек кездеседі. Оның себебі, осындай профилактикалық іс-шараларының тұрақты түрде өткізілуінде болып отыр, - дейді Әскери госпиталінің автокөлік жүргізушілер ұйымының бастығы аға сержант Ержан Сүлейов.

Сонымен қатар, аталған іс-шара барысында Әскери полиция өкілдері әр әскери қызметшілердің жеке көліктерінің техникалық жай-күйін қадағалап, ақау табылған жағдайда оны жедел түзету керектігін  ұсынды.

Мұндай шаралар әскери қызметшілер арасындағы жол-көлік оқиғаларын алдын алу және жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін түсіндіру мақсатында өтеді, дейді Әскери полиция бөлімі әскери автомобильдік полициясы бөлімшесінің бастығы капитан Ербол Пернебаев.

Айта кетсек, осындай жол қауіпсіздігін алдын алуға қатысты өткізілетін шаралардың  маңызы зор.  

 

 

 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі