Көліктің сау жері жоқ: Жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Уақыты: 16.06.2023
Оқылды: 592
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліментінше Жол апаты Панфилов ауданында болды. Сарыөзек - Көктал тасжолының 99-шақырымында Subaru Forester автокөлігі SHACMAN жүк көлігімен соқтығысқан.

50 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Ал 45 жастағы жолаушы да қаза тапты. Зардап шеккен қалған 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу басталды.