Елде 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылған

Уақыты: 31.10.2023
Оқылды: 619
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін соттарға 1 200-ге жуық азамат жүгінген, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.

Жекелеген борышкерлер кейбір заңнамалық кедергілердің салдарынан банкроттық рәсімін кеңінен қолдана алмай отыр. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың дерекқорларындағы мәліметтердің өзектілігінің болмауына байланысты  қолдана алмау фактілері де бар. Осыған байланысты бүгінгі таңда заңнамалық өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – дейді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Заңның негізгі ережелеріне ақпараттық сүйемелдеу ұйымдастырылып, 37 мың адамға кеңес берілген.

Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының сайттарында тиісті түсініктемелер орналастырылды 37 мың адамға кеңес берілді, 14-14 телефоны арқылы қызмет көрсету орталықтарында банкроттық бойынша кеңес алу мүмкіндігі туралы барлық азаматтарға СМС-хабарламалар жіберілді, – дейді Ержан Біржанов.

Еске сала кетейік, мамыр айынан бастап «Аманат» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асырып азаматтарға кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, құқықтық көмек көрсетеді.

Осы орайда, банкроттық мәселесі бойынша кеңес алу үшін «Аманат» партиясының облыстық филиалдарына да жүгінуге болады.