"Тұман түсіп, жел күшейеді": Бүгінгі ауа райы болжамы

Уақыты: 01.11.2023
Оқылды: 451
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 1-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Республика аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалымен ауа райы құбылып тұрады.

Кей жерлерде жауын жауса, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, сондай-ақ көктайғақ болады. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасы салдарынан күн жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын болуы да ықтимал.

Фото: ашық дереккөзден