2023 жылы ең көп қолданылған сөз анықталды

Уақыты: 02.11.2023
Оқылды: 479
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Collins сөздігі 2023 жылы кең қолданылған сөз ретінде AI (artificial intellect - жасанды интеллект) аббревиатурасын таңдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі France24 арнасына сілтеме жасап.

- Осы жылы басты назарда жасанды интеллект және оның қалай дамығаны, біздің өмірімізге электронды пошта, стриминг немесе кез-келген басқа футуристік және күнделікті технология сияқты енгені болды, - деді Collins Dictionary басқарушы директоры Алекс Бикрофт.

Сөздік құрастырушылары жыл сөзі 20 миллиардтан астам сөзден тұратын Collins Corpus дерекқорын талдау нәтижесінде таңдалғанын хабарлайды. Онда әлемдегі веб-сайттарда, газеттерде, журналдарда және кітаптарда жарияланған материалдардан, сондай-ақ радио, теледидар арқылы таратылған хабарлар мен күнделікті әңгімелерде қолданылған сөздер қамтылған.

Collins Dictionary нұсқасы бойынша 2023 жылы кең қолданылған сөздердің тізіміне енген басқа сөздер:

Nepo baby – ата-анасының жолын қуған атақты адамдардың балалары;

Greedflation – greed сөзінен алынған (ашкөздік) және inflation (инфляция) - компаниялардың жоғары инфляцияны өз пайдасын арттыру мақсатында бағаны жасанды түрде көтеру үшін сылтау ретінде пайдалануы;

ULEZ (Ultra Low Emission Zone) - экологиялық емес автокөліктердің иелеріне айыппұл салынатын өте төмен шығарындылары бар көліктер аймағы;

Collins Dictionary тізімінде әлеуметтік желілердегі «deinfluencing» немесе «de-influencing» сияқты терминдер де айтылады.

Фото: ашық дереккөзден