Сайлау -2023: Саяси науқаннан шабандоздар да қалыс қалмады

Уақыты: 05.11.2023
Оқылды: 394
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Тұлпар баптап жүрген Сарыбұлақтық атбелігер таң атпастан саяси науқан өтетін орынға барды.

Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, оны өскелең ұрпаққа үйретіп жүрген атбегілер саяси науқанға жауапкершілікпен қарап, сайлау учаскесіне бір кісідей келіп дауыс берді.

"Өлкесінің ертеңін ойлаған әр адам дауыс беруі керек. Осы сайлауда елге жаны ашитын, ауылымызды көркейтетін әкім бұйырады деп үміттенеміз. Сол себепті ауыл тұрғындары бір ауыздан сайлау бөлімшесіне келіп, дауыс беруді жөн көрдік" , - дейді шабандоздар.