Бүгін еліміздің басым бөлігінде аяз болады

Уақыты: 17.01.2024
Оқылды: 463
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Антициклон әсерінен бүгін, 17 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде аяз болады, жауын жаумайды. 

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек республиканың батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады және жел күшейеді.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform