Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік

Уақыты: 31.01.2024
Оқылды: 554
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының ТЖД тұрғындарға қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады!

Алыс жолға шықпас бұрын ауа-райының болжамын мұқият зерттеуді, қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтауды, міндетті түрде көлікті қажетті құралдармен (аккумулятордың қуат сымымен, сүйреу арқанымен, фонарьмен, газ оттығымен, балауыз шамдарымен, күрекпен, GPS навигаторымен және жылы киім-кешектермен) жабдықтауды ұсынады.
“112” қызметінен ресми дауылды ескерту алған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпау ұсынылады.

Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 101 телефондарға қоңырау шалыңыз.

Фото: rayhaber.com