«КИЕЛІ МЕКЕН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БАБАЛАР РУХЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Уақыты: 18.04.2024
Оқылды: 327
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Республикалық «Киелі мекен» тазалық акциясы Жетісу облысының әр елдімекенін қамтып, ескерткіштер мен саябақтар абаттандырылып жатыр.

Бүгін Көксу, Ескелді ауданы мектептерінің кадет сыныптары өңірдегі ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштер мен обелисктерге тазалық жұмыстарын жүргізді. Бүлінген заттарды қалпына келтіріп, аумағын көгалдандырды.

Айта кету керек, қазіргі таңда облыс аумағында «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының 282 әскери-патриоттық клубтары мен кадет сыныптарында - 12 448 бала бар. Оқушылардың аталмыш акцияға қатысып, өңір тазалығын сақтауға ұмтылуы – жас буынның отансүйгіштік қасиетінің көрсеткіші болып табылады.

«Біз туған жерімізді сүюге, бабалар ерлігін есімізге сақтауға, тарихымызға құрметпен қарауға дағдыланып келеміз. Осы ретте, ел болып жұмылып атқарып жатқан экологиялық  шараға бір кісідей атсалысқымыз келді. Себебі, тазалық әр адамның өзінен басталуы керек. Сонымен қатар, кадет сыныбындағы қатарластарымызбен жұмыла істеген іс көңілді әрі өнімді болады деп есептеймін» - дейді акция қатысушысы Айдын Асылбеков.  

"Жетісу-Ақпарат"