НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: "ҚАЗАҚСТАНДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ 72,5 ЖАСҚА АРТТЫ"

Уақыты: 05.10.2018
Оқылды: 1091
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Дәл қазір Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ кезекті Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялау үстінде. Жолдау еліміздегі бірнеше телеарнадан тікелей эфирде тарап жатыр. Жолдау Астана уақытымен сағат 11:00-де басталды.

Алғашқы сөзінде Мемлекет басшысы жиналғандарға Жолдаудың мақсатын түсіндіріп, тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерді таныстырудан бастады. Астана халықаралық қауымдастықтар сенетін ғажайып қалаға айналғанын айтып, Қазақстанда халық саны 18 миллионнан асқанын жеткізді. "Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында халық саны 14 миллионнан аспаған еді. Қазір Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа артты", - деді Президент. Сондай-ақ, Елбасы елімізге тартылған инвестиция көлемін де тілге тиек етіп, 300 миллиард теңгеден асқанын әңгімеледі. Жолдау әлі де жалғасуда. Әр сала бойынша көрсеткіштер сараланып, сөз арасында нақты тапсырмалар берілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"