Анна Данилина Португалиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Уақыты: 26.04.2024
Оқылды: 274

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Анна Данилина Оэйраш (Португалия) ITF W100 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – нидерландылық Бибиана Схоофс алғашқы айналымда румыниялықтар Ирина Барэ – Кристина-Андреа Митуді 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандық-нидерландылық жұп ширек финалда португалиялық Ана-Филипа Сантос – испаниялық Люсия Кортез Йоркты ойсырата ұтты - 6:3, 6:1. Бұл матч бір сағаттан астам уақытқа созылды.

Анна Данилина – Бибиана Схоофстың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Қытайдағы жарыстың ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы