Виктор Друзин әлем кубогында көркем жүзуден күміс жүлде иеленді

Уақыты: 06.05.2024
Оқылды: 306

Су спорты түрлерінен Парижде (Франция) өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде көркем жүзуден соло жаттығуы бойынша 17 жастағы Виктор Друзин күміс жүлде иеленді.

Алтын медаль - Густаво Санчес (Әлем чемпионы) — 204.0210 ұпай;

Күміс медаль - Виктор Друзин — 163.7189 ұпай;

Қола медаль - Кеннез Гаудет (Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері) — 161.6187 ұпай.

Отандасымыз 1 ай бұрын да Қытайдағы Әлем кубогы бойынша дәл осы сайыста қола жүлде алған еді.

Бұдан бөлек, кеше аруларымыз топтық сайыстан еркін бағдарламада қола жүлдеге ие болды:

Алтын медаль - Жапония — 323.3207 ұпай;

Күміс медаль - Канада — 297.5853 ұпай;

Қола медаль - Қазақстан — 253.633 ұпай.

(Этери Какутиа, Айгерім Құрманғалиева, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Ксения Макарова, Анна Павлетцова, Жаклин Якимова, Жәния Жиенғазы)

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті