ДИПЛОМ БАР. ЖҰМЫС ШЕ?

Уақыты: 27.12.2018
Оқылды: 1125
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Оқу бітірген көп түлектер студенттік өмірінен кейін дипломын қолдарына ұстап, жұмыс табу мәселесіне келгенде абдырап қалады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасын әр түрлі түсініп жүргендер және бар. Аталған бағдарламаның негізіне үңілмей, сыртынан сипай сөйлеп, түлектерге құбыжық етіп көрсететіндер де табылады. Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен нақты қызмет істеп жатқан жастардың пікірі қалай?

Әуелгі сапарымызды Ескелді аудандық орталық ауруханасындағы жас мамандармен жүздесуден бастадық. Күзде ғана кірген мамандар аз уақыттың ішінде ұжым мақтанатын абзал жандарға айналған. Аудандық орталық аурухана ұжымы биыл сегіз жасты өз қатарына қосқан. Біз олардың бірқатарымен кездесіп, сұхбаттаса алдық.

- Мен Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының тумасымын. Семейдегі мемлекеттік медицина университетін бітірдім. Дәрігер болу – бала кезден келе жатқан арманым. Жетісу жеріне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы келдім, жұмысқа орналастым. Аудандық аурухананың бас дәрігері Роза Мұхамежінов өзі қарсы алып, үстеме жалақыны қарастырып, тіпті, үй кезегіне тіркеуге құжаттар өткізуіме себепші болды. Ұжым өте жақсы қарсы алды. Енді бізге тек лайықты еңбектену ғана қалды, – дейді Ербол Ерланұлы.

Жас мамандар бүгінгі істеріне және мемлекет қолдауына риза. Қосымша аудандық орталық аурухананың ішінде «Жастар» орталығы жұмыс істейді. Гүлмира Қалиақпарова жетекшілік ететін орталық жасөспірімдер мен жастарға көмек беріп келеді. (Материалдың толық нұсқасын газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыз).

Серік ҚАНТАЙ

Ескелді ауданы