ШҰҒЫЛ: АЛМАТЫ-ӨСКЕМЕН АВТОЖОЛЫ ҚАЙТА АШЫЛДЫ

Уақыты: 31.01.2019
Оқылды: 1066
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Алматы-Өскемен" республикалық автожолындағы қозғалыс барлық көлік құралдары үшін қалпына келтірілді. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

Көктайғаққа байланысты таңертеңнен бері әлеуметтік желілерде Алматы-Қапшағай-Талдықорған-Өскемен бағытындағы жол жабық деген бейнематериалдар тарап еді.

Бүгін, 31 қаңтарда, таңертең «Алматы-Өскемен» автожолының 16-122 шақырым аралығы ауа райының қолайсыздығына, яғни, жол төсенішінде мұздың пайда болуына байланысты апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында барлық көлік құралдары үшін қозғалыс тоқтатылған болатын. Арнайы жол қызметтері тиісті шаралар қабылдап, аталған жол учаскесіндегі қозғалысты қайта қалпына келтірді.

«Автожол учаскесінде бүгін 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Көліктердің соқтығысуы кезінде дене жарақатын алған адамдар жоқ екенін атап өтеміз», - дейді полиция департаментінің өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"