АУДИТ ЖҰМЫСЫ ТЫҢДАЛДЫ

Уақыты: 05.02.2019
Оқылды: 1103
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кезекті баспасөз мәслихаты өтті. Онда облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы тыңдалды.

Бұл жөнінде аталмыш сала басшысының орынбасары Азамат Мұсабек баяндады. Айта кетейік, ішкі мемлекеттік аудиттің негізгі міндеті – мемлекеттік органның тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізуін талдау, бюджет қаражатын, мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқарудың тиімділігін арттыру.

Азамат Мұсабекұлының айтуынша, былтыр департамент бойынша заң бұзушылықты анықтау және оны болдырмау мақсатында ауқымды жұмыс жүргізілген. Өткен жылдың соңына дейін үш жүзден аса аудиторлық іс-шара өткізіліп, олардың басым бөлігі жоғары тұрған мекемелердің тапсырмасы, құқық қорғау органдарының қаулы, хаттарының негізінде өткізілген жоспардан тыс тексерулер болған.

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі де аз емес, 119 195 460,1 мың теңге, соның ішінде мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша 49 913 768,6 мың теңгені құраған. Ал заңбұзушылықтың жалпы сомасы 70 872 910,4 мың теңге, соның ішінде, қаржылық және процедуралық бұзушылықтар бар. Бюджетке қайтару бойынша қомақты қаражат есепке алынып, қалпына келтірілген.

Брифингте қаржылық есептілік аудиті бөлімінің басшысы Барлыбек Айнабеков сөз сөйлеп, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Айгүл БАЙБОСЫН,

"Жетісу"