ҚАЙТА ТҮЛЕГЕН ҚАПАЛ: ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

Уақыты: 05.07.2019
Оқылды: 3440
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қапал ауылындағы Ғали Орманов атындағы орта мектепте «Тамшыбұлақ» демалыс лагері ашылды.

Лагерьдің ашылуында сөз алған аудан әкімі Есім Базарханов оқушыларға сәттілік тілеп, көтеріңкі көңіл-күймен демалуларына өз тілектестігін білдірді. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласып, қызықты ойындар ұсынылды.

«Тамшыбұлақ» лагерінде 300-ден аса баланың еш алаңсыз демалуы қарастырылған. 55 орынға арналып ашылған демалыс орталығы 6 кезең бойынша балаларды қабылдайды. Аудандағы 41 мектептен әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларға жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта 34 мектептің жанынан жазғы алаңдар ашылып, онда жаз бойы 3222 бала демалады.

Еңлік ҚАБДЕШ

Ақсу ауданы