ЗЕЙНЕТКЕР ӘЖЕ "TOYOTA" МІНДІ: HALYK BANK АВТОКӨЛІК СЫЙЛАП ЖАТЫР

Уақыты: 03.09.2019
Оқылды: 1638
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Оралдық зейнеткер Зубайда Қонақбаева Халық банкінде кепілсіз кредит ресімдеп, «Toyota Camry-70» темір тұлпарын ұтып алды. Ұтыс ойынының жеңімпазы 15 тамызда кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен банктің желідегі ресми парақшасында тікелей эфир арқылы анықталды.

«Мен зейнеттегі адаммын. Шыңғырлау ауданы, Жеңішке ауылының орта мектебінде мұғалім болып еңбек еттім. Бес баланы тәрбиелеп өсіріп, өндірдім. Ауылдық елді-мекеннен осыдан алты жыл бұрын Оралға қоныс аудардық. Halyk Bank-тен Алматыға оқуға түскен немерем үшін несие алып едім. Ал бүгін тосынсый жасалып, көлікке ие болып жатырмыз», – деді Зубайда Қонақбаева.

Естеріңізге сала кетейік, ұтыс ойынының бірінші кезеңінің жеңімпазы Петропавл қаласының тұрғыны Надежда Федосова атанды. Ең алғашқы болып көлікті ұтып алған жеңімпазға Солтүстік Қазақстан облысы, Саумалкөл ауданында көлік табысталған болатын.

Halyk Bank ұсынған ұтыс ойынының ең соңғы кезеңі осы жылдың 15 қазанында әдеттегідей желідегі банктің ресми парақшасы арқылы тікелей эфирде жарияланады. Бұл жолы ұтысқа жол талғамайтын көлік қойылды. Көлік ұтып алу үшін қыркүйек айының 30 жұлдызына дейін Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесінен кепілсіз кредит рәсімдеу қажет.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»