Үкімет басшысы Асқар МАМИН Қазақстан аумағында коронавирустың тарауына жол бермеу және оның алдын алу шаралары жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлады.
Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов, Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ш.Нұрышев, Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшин, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің директоры Д.Ділманов, сондай-ақ, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының басшылығы орын алған жағдай мен әрекет ету шаралары туралы баяндады.
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша шешуші ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырды, - деді А.Мамин.
Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы келесі кешенді алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды:
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"