КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ: ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Уақыты: 26.01.2020
Оқылды: 1274
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кербұлақ ауданында "Жедел жәрдем" көлігімен ауруханаға бара жатқан жүкті әйел құтқарылды. Бұл жайында Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға Кербұлақ ауданындағы облыстық маңызы бар Сарыөзек-Шанханай автожолында болды. Шанханай ауылынан Кербұлақ ауданының орталық ауруханасындағы перзентханаға жүкті әйелді апару үшін "Жедел жәрдем" көлігі шыққан. Ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қарда тұрып қалған. Сонымен бірге, жолдың осы бөлігінен 28 адам және 18 автокөлік шығарылды. Тағы 17 адамның көлігі жол бойында қалды.

Құтқару жұмыстарына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері мен 2 техникасы, 3 әскери қызметші және ҚР Қорғаныс министрлігінің № 40265 әскери бөлімінің 1 техникасы жұмылдырылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды