ҚАСЫМ-ЖОМАРТТЫ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛГЕН ОТБАСЫ АУДАНДА ТҰРАДЫ

Уақыты: 12.02.2020
Оқылды: 1534
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың, кейбірі ежелгі есімдерді қайта жаңғыртып жатады.

Ал көксулық жас отбасы Нұрсұлтан мен Жұлдыз Досымбековтер дүниеге келген тұңғыштарының есімін азан шақырып, Президенттің құрметіне Қасым-Жомарт деп қойды. Отағасы Нұрсұлтан: "Ата-ана балаға белгілі себептермен қойылған есімнің тарихын айтып отыруы керек. Ұқсатып қойған адамның жақсы жетістіктерін айтса, бала соған еліктеп өседі", - дейді.

Отағасы өз есімінің де Елбасы құрметіне қойылғанын айтты. "Адамның тағдыры атына сай қалыптасады дейді. Сондықтан, ұлыма есім таңдарда көп ойландым. Кішкентай Қасым-Жомартым биікке қарыштап, қазақтың атына сай ұл болуын тілеймін", - дейді нәрестенің әкесі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Көксу ауданы,

Алматы облысы