МЕККЕДЕН КЕЛГЕН ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ КОРОНАВИРУСТАН АЙЫҚТЫ

Уақыты: 10.04.2020
Оқылды: 834
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Jetisý media» ақпараттық алаңында Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ Жетісу жерінде індеттен жазылып шыққан алғашқы адам туралы айтты.

Бауыржан Ербозымұлы өз сөзінде Қарасай ауданында тіркелген азаматтың кейінгі екі қан сараптамасы жақсы нәтиже көрсеткендігін және ол онкүндік үй бақылауына шыққанын жеткізді. Ол 17 наурызда Сауд Арабиясынан Түркия арқылы елге келген, ал ауруханаға 20 наурызда жатқызылған болатын. Онымен байланысқа түскен 52 адам толық бақылаудан өткен.

Облысымызда тіркелген жалпы он адамның біреуі жазылып, қалғандары ауруханада жатыр. Басқарма басшысының айтуынша, олардың жағдайы орташа, дәрігерлердің қарауында. Ауырғандар ішінде аяғы ауыр келіншек те бар.

Басқа облыстармен салыстырғанда Жетісуда тіркелген жағдайлар саны аз. Бауыржан Ербозымұлы оны облысымыздың сақтық шараларын ерте бастап, қолға алғандығымен түсіндірді.

Серік ҚАНТАЙ

Фото - Ержан ӘБІШЕВ

Алматы облысы