КОРОНАВИРУС: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН АНАЛИЗ ТАПСЫРАДЫ

Уақыты: 13.05.2020
Оқылды: 1191
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының «Jetisy media» ақпараттық алаңында «Коронавирус инфекциясына кімдер тегін сынамадан өтеді?» тақырыбында брифинг өтті.

Шара барысында сөз алған Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы Талдықорған қалалық обаға қарсы күрес стансысы филиалының директоры Алмас Бердібеков сөз сөйледі. Ол:

– Әлемді жайлаған індет өңірімізде өршімеу үшін барымызды салып жұмыс істеудеміз. Қытайлықтар  «SARS CoV2» вирус геномын анықтап, жариялағаннан кейін отандық ғалымдар вирусты анықтайтын өзіндік тест жүйесін құра бастады. Иә, «COVID-19» пандемиясымен күресуде жедел және сапалы диагноз қажет. Осыған орай, қысқа мерзімде ерекшелігі мен сезімталдығы жағынан шетелдік аналогтардан кем түспейтін тест жүйелерін құрдық, – дей келе, қазіргі таңда Талдықорған қаласында және Қарасай ауданында екі ПТР-зертхана жұмыс істейтінін айтты.

Қазіргі таңда жаппай тест жүргізу өзекті болып тұр. Осыған орай Алмас Тоқтамысұлы облысымызда сынама жүргізуге жататын адамдар анықталғанын жеткізді. Оған медициналық қызметкерлер, блокпостарда жұмыс істейтін күш құрылымдары, шетелден ұшып келген азаматтар, әкімдік жұмысшылары, әлеуметтік нысан тұрғындары мен қызметкерлері кіреді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды