"НАУҚАСТАР АЗАЙДЫ": АУРУХАНАДАҒЫ ТӨСЕК-ОРЫНДАРДЫҢ 60 ПАЙЫЗЫ БОСАДЫ

Уақыты: 06.08.2020
Оқылды: 1281
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысына жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков елде жарияланған карантин өңірдегі эпидахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізгенін мәлімдеді.

- Алматы облысында COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда қосымша провизорлық орындар ашылған болатын. Бүгінгі күні провизорлық орындардың 40 пайызы ғана жұмыс жасап тұр. Медициналық мекемелер 4 тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарын бастады. Яғни, науқастар жоспарлы түрде ем қабылдауына болады. Сонымен қатар, облыста құрылған 391 мобильді топ үйде ем шараларын тағайындау арқылы науқастар санының азаюына үлкен септігін тигізді, - деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков "Қазақпаратқа" берген сұхбатында.

Басқарма басшысы облыстағы барлық медициналық мекемелер вирусқа қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Қазіргі таңда Алматы облысында 3345 адам облыстағы медициналық қызметкерлердің бақылауында тұр. Оның ішінде стационарлық емдеуде – 1637, 228 – инфекциялық, 1409-провизорлық бақылауға алынған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"