Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

"ҚАНҒА ҰҚСАЙДЫ": ҚАСКЕЛЕҢДЕГІ ТОҒАН СУЫ ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ БОЛЫП АҚТЫ

Уақыты: 27.09.2020
Оқылды: 382

Қаскелең қаласында қызыл түске боялған су арнасы бейнекамераға түсірілді. Бейнежазбаны оқырмандар Tengrinews.kz сайтына жолдаған.

Кадрларда мөлдір, бірақ ашық қызыл түсті өзен көрінеді. "Қанға қатты ұқсайды", - деген болжам жасады оқырман. Қарасай ауданының әкімдігі осы мәліметті растап, түсініктеме берді.

- Қала тұрғынының хабары бойынша әкімдік қызметкерлері оқиға орнына шықты. Олар жақын маңды қарап шығып, жеке үйлердің бірінде мал союмен айналысқан тұрғындарды тапты. Олар қалған қанды өзенге құя салған. Судың қызыл түске боялуы басқа құрылыс материалдары мен химиялық элементтерден емес, қанға байланысты. Алдағы уақытта мұндай жағдайға жол берілмеуі үшін анықталған үйдің тұрғындарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта өзендегі судың сапасы қалыпқа келді, - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"