ТАЛДЫҚОРҒАНДА ГАЗДЫ БӨЛШЕК САУДАДА ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ СӨЗ БОЛДЫ

Уақыты: 31.01.2021
Оқылды: 824
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру, сондай-ақ, "Open Space" офисі шеңберінде "еститін мемлекет" қағидаттарын орындау мақсатында тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметтері нарығындағы мәселелерді талқылады.

Департамент басшысы қатысушыларды "Open Space" алаңындағы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының кіріспе сөзімен таныстырды.

Кеңес барысында нарық субъектілерінің тұтынушылармен тауарлық газды жеткізу бойынша шарттар жасаудағы жеткізілетін газды алдын ала төлеу талаптарына қатысты мәселелер айтылды. Сондай-ақ, департаментпен нарық субъектілеріне алдын ала төлемді көздейтін шарттан тармақты алып тастау арқылы бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы ҚР заңнамасын бұзуды тоқтату туралы хабарлама жіберу жайы айтылды.

Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілді. Бұл іс-шара жұма күндері апта сайын өткізіледі.

Тауар нарығындағы анағұрлым өзекті проблемаларды бірлесіп қарау және шешу, бәсекелестікті шектеуді жою мақсатында сізден біздің диалогқа белсенді қатысуыңызды сұраймыз. Сонымен қатар, біз сізден монополияға қарсы заңнама саласындағы талқылау тақырыбын таңдау бойынша ұсыныстар күтеміз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан