АСА ҚАУІПТІ ДЕРТТЕН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Уақыты: 29.04.2024
Оқылды: 601
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананың дәрігерлері 31 жастағы жүкті әйелдіаса қауіпті дерттен емдеп сақайтты.Науқас таяуда геморрагиялықинсультпенөтеауыржағдайдаемханағатүскен. Жас әйелдің өмірін сақтап қалу үшін бір айдан астам уақыт күрескен ақ халаттыларақырытабысқа жетті.


Дәрігерлердің сөзінше, геморрагиялық инсульт –адамдарды ауыр мүгедектік жағдайына алып келетін ауыр сырқат. Инсульттің бұл түрі ер адамдар арасында  жиі кездеседі.Алайда бұл аурудан өлім-жітім көрсеткіші өте жоғарыболады. Соның ішінде әйел адамдар аса қауіпті.Алғашқы 30 күнде миына қан құйылған пациенттердің 35-50 пайызы көз жұмады. Ал, жүкті әйелдерде геморрагиялық инсульт тіпті де қатерлі. Көптеген әйел адамдар кейде бас ауруы, бас айналу немесе қолдың шаншуын жүктілікке қатысты деп қате тұжырымдайды. Бірақ олгеморрагиялық инсульттың бірден бір белгісі болып саналады. Сондықтан  мамандар қолда немесе аяқта, әсіресе дененің бір жағында кенеттен әлсіздік, шатасып сөйлеу, бас айналу, тепе-теңдікті жоғалту, себепсіз қатты бас ауруы сынды гемморагиялық инсульттің белгілері байқалса дереу жедел жәрдем шақыруды ескертеді.

- «Талдықорған қаласының 31 жастағы тұрғыны Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасына гемморагиялық инсультпен, кома жағдайында түсті. Мамандаршұғылтүрдемультидисциплинарлықдәрігерлік консилиум құрды. Консилиум шешіміменекікүрделі операция жасалды. Жүктіліктің 25 аптасындаболғанәйелдіңөміріүшінмедициналықмекеменіңдәрігерлері 44 күнбойыкүресті. Жетіншікүніқарқынды терапия негізіндепациенттеоң динамика байқалабастады. Яғни, науқасесінжиып, гемодинамикасытұрақтанып,  өкпеніжасандыжелдетуаппаратынаншығарылды», - дедіаурухана директоры АсқарСадықов.

Аурухана директорының айтуынша, әрі қарай24 күнге созылатын жүкті әйелге арналған жеке бағдарлама әзірленіп, көпсалалы оңалту тобы қосылған. Бүгінгі күні емдеуден кейін неврологиялық симптомдар қалпына келтіріліп, науқас ауруханадан шыққан.

Айдын КӘЛІМХАН