ІЛЕ МЕН БАЛҚАШ ӨҢІРІНЕ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН БҰҒЫЛАР ЖІБЕРІЛЕДІ

Уақыты: 13.07.2021
Оқылды: 1039
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Іле-Балқаш резерватына Қызыл кітапқа енген бұғылар келеді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Іле-Балқаш резерватына бұқар бұғысы үшінші рет жіберілгелі отыр. Бұл жолғы бұғы саны бәрінен көп. Бұл туралы "Жетісу" газеті "Қазақпаратқа" сілтеме жасап хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы енгізілім 2019 жылы, резерват аумағына алғашқы 5 Бұқар бұғысы қоныстанған кезде жүзеге асқан болатын. 2020 жылы оған тағы 14 ересек бұғы мен 1 бұғының лағы қосылды.

«Экология министрлігі жабайы табиғат қорымен (WWF) бірге 61 бұғы әкел уді жоспарлап отыр және бұл - бір жылдағы рекордтық көрсеткіш. Шығару аймағында табиғатқа шыққан бұғыларды бақылау үшін фототұзақ қойылды. Бұғылардың популяциясын бақылауды күшейту үшін жалпы алғанда 9 спутниктік жағабау пайдаланылады», - деп хабарлады Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Леонид Сидоренко.

Мамандардың айтуынша, бұл технологиялар бүкіл әлемде қолданылады, олардың көмегімен бұғының қозғалысын бақылауға болады. Құрылғылар ауыртпалықсыз орнатылады және жануарларға ешқандай зиян келтірмейді. Бұқар бұғысы Алматы облысы Балқаш ауданының аумағында кең таралған. Алайда, өткен ғасырдың басында бұл түр жоғала бастады. Бірнеше онжылдық өткен соң, ол Қазақстанның табиғатынан мүлдем жоғалып кеткен болатын. Бүгінгі таңда Бұхара бұғысының бүкіл әлемдегі саны - 3500.

«Іле-Балқаш резерватында бұхар бұғыларының популяциясын қалпына келтіру өте табысты жүріп жатыр. Біз бұғылардың бейімделгенін және бұғылардың сәтті төлдеуін көріп отырмыз. Алдын ала бағалау бойынша, қазір табиғатта 100-ге жуық бұғы бар», - дейді WWF Орталық Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц.

Тоғай немесе Бұқар бұғысы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және Бұқар бұғыларын сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандуммен халықаралық деңгейде қорғалады. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының арқасында бұғы 100 жыл ішінде алғаш рет Оңтүстік Балқаш аймағында пайда болды.

Бұқар бұғыларының Балқаш ауданының жабайы табиғатына оралуы - жолбарыс реинтродукциясы бағдарламасының маңызды кезеңі. Оны Ресейдің WWF және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп жүзеге асырып келеді. Іле-Балқаш резерватында жолбарыстың мекендейтін жерінде жарамды экожүйені қалпына келтіру жоспарланып отырғаны белгілі. Реинтродукциялау бағдарламасына сақталған жабайы табиғатты қорғау және жолақты жыртқыш, сондай-ақ құлан, ақбөкен және қарақұйрық рационының негізі болып табылатын тұяқты жануарлар (тоғай бұғысы, елік, жабайы қабан) популяциясын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарланған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"