АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАРЖЫ ЕСЕБІН БҰРМАЛАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Уақыты: 17.04.2022
Оқылды: 1157
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес, облыс әкімі аппаратының «шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджетті жоспарлау және атқару, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізілді.

Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 221209,8 мың теңгеге құқықбұзушылықтар анықталды, соның ішінде - 6782,7 мың теңге қаржылық құқықбұзушылықтар (оның 6646,0 мың теңгеге акивтердің баланстық құны ұлғайтылмаған, 136,7 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс); 214467,1 мың теңге тиімсіз падаланылған бюджет қаражаты. Сонымен қатар, 3 рәсімдік сипаттағы орын алған заңбұзұшылықтар төменде көрсетілген:

Мәселен, Талдықорған қаласындағы Лесная көшесі №1 резиденция ғимаратын ағымдағы жөндеу кезінде 57,5 мың теңге негізсіз төленген. Ал 79,2 мың теңге мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстары бойынша пәтерақы заңбұзушылықпен төленген. Сондай-ақ, 214467,1 мың теңге мекеменің балансында тұрған ғимараттар тиімсіз пайдаланылған. Соның ішінде мекеменің теңгеріміндегі Алматы қаласындағы Желтоқсан көшесі, №112 үйде әкімшілік ғимараты орналасқан.

2020-2021 жылдары ғимаратты ұстауға жұмсалған шығындар 82858,7 мың теңгені құраған. Аудитке ұсынылған құжаттар бойынша ғимартта 32 бөлме бар. Оның 28-і әртүрлі заңды тұлғаларға, оның ішінде 12-сі Алматы облысының мемлекттік мекемелеріне, қалғаны басқа заңды тұлғаларға, 15-і квазимемлекеттік секторланына берілген. Квазимемлекеттік секторлары субъектілерінің ішінде екеуі коммуналды шығындарды төлейді, ал қалған 13-не төлемақысыз берілген. Көлемі 57,7м2 құрайтын 1 бөлме пайдаланылмай бос тұр.

Мекеменің теңгеріміндегі екі ғимарат Нұр-Сұлтан қаласында Есіл ауданы, Шұбар ықшамауданы, Тайбекова көшесі, № 23 үй  және Алпамыс батыр көшесі, №6 үйде қызметтік үй орналасқан. Екі жылға ғимараттарды ұстауға жұмсалған шығындар 64682,9 мың теңгені құраған. Мекеме теңгерімінде Панфилов ауданы Жаркент қаласында әкімшілік ғимарат орналасқан. Ғимараттың жалпы көлемі 910,4 м2 құрайды. Екі жылда ғимаратқа жіберілген шығындар 66925,5 мың теңгені құраған. Жоғарыдағыларды тұжырымдай келе, Алматы қаласындағы әкімшілік үй, Нұр-Сұлтан қаласындағы қызметтік үй, Жаркент қаласындағы көпсалалы әкімшілік ғимараттарына 2020-2021 жылдары 214467,1 мың теңге қаржы шығыны тиімсіз пайдалануы байқалды. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабы, 12-тармақтары толық басшылыққа алынбай, тиімділік принциптері сақталмаған.

Облыс бойынша тексеру комиссиясы өңірлер бойынша резиденцияларды күтіп-ұстау және қызмет көрсету бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит негізінде жоғарыда көрсетілген ғимараттарды тиімді падалануына келесі іс-шаралар ұсынылды: олар аукцион арқылы сатуға қою, жалға беру кезінде тиімді пайдалану, бос алаңдарға тапшылығы бар мемлекеттік мекемелерге беру.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңы негізінде тексеру комиссиясы отырысында жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері қаралып, 2022 жылдың 31 наурызында қаулы қабылданып, 2022 жылдың 01 сәуірінде №02-17/3-1Н нұсқама ұсынылды.

Қортындысында бұрмаланған қаржылық есептілікті жасау бойынша 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тәртіптік жауапкершілікке жауаптыларды тарту үшін ағымдағы жылдың 10 мамырына дейін мерзім берілді.

Қанат МАНАМҰРАТҰЛЫ,

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі