Қазақстандағы ACWA Power: энергетика және су тазарту саласындағы инновациялар

Уақыты: 04.03.2024
Оқылды: 340
Бөлім: ЭКОНОМИКА

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ (Task Force) көмегімен Сауд Арабиясының «ACWA Power» компаниясы аралас циклді бу-газ қондырғылары мен тұщыландыру зауыттарына арналған тәжірибе алмасу бойынша семинар өткізді,

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы DKNews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Семинарға «ACWA Power» басшылары, бизнесті техникалық дамыту жөніндегі Атқарушы Вице-президент Мойин Фазле, Қазақстандағы «ACWA Power» өкілдігінің басшысы Майра Әбілғазина, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері және басқалар қатысты.

Семинар барысында «ACWA Power» компаниясының электр энергиясын өндірудің және суды тұщыландырудың дәстүрлі әдістері саласындағы жұмыс тәжірибесі таныстырылды. Қатысушылар компанияның Сауд Арабиясында да, шетелде де сәтті жүзеге асырған жобалары туралы толық түсінік алды.

Компания семинарда ұсынылған өз тәжірибесі мен табысты тәжірибелеріне сүйене отырып, Қазақстан Республикасында осындай жобаларды іске асыру мүмкіндігін белсенді түрде қарастыруда.

«ACWA POWER» жаңартылатын көздерден және парагазды турбиналардан электр энергиясын өндіру, сондай-ақ жасыл сутегі мен тұщыландырылған су өндіру саласындағы әлемдегі жетекші компаниялардың қатарына кіреді. Компанияның энергетикалық портфеліне 12 елдегі жобалардың жиынтық қуаты 55 ГВт-тан асатын және инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 84,7 миллиард АҚШ долларын құрайтын 81 актив кіреді. Қазақстандағы «ACWA POWER» инвестициялық қызметі қазірдің өзінде бірнеше маңызды жобаларды қамтиды. Қазіргі уақытта Жоңғар қақпасында (Жетісу облысы) жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станциясының құрылысы және пайдалануға берілуі пысықталуда.