ҚАУЫРТ ҚИМЫЛ

Уақыты: 16.04.2024
Оқылды: 219
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Көктем шыға елдің берекесін тасытып, жұрттың ырысын еселейтін дала жұмыстары қауырт жүреді. Өткен жылы қараталдықтар ауылшаруашылығынан мол өнім алып, мал басының өскенін білеміз. Сол жетістікті әлсіретіп алмас үшін көктемгі дала жұмысына диқандар тастүйін дайындықпен кірісті.


Биыл Қаратал ауданы бойынша 1500 гектар қант қызылшасы, 8237 гектар дәнді дақыл, 2305 гектар майлы дақыл, 1116,5 гектар картоп, 2405 гектар көкөніс-бақша дақылдары, 7004 гектар мал азығын себу жоспарлануда. 

Қазіргі уақытта ауданның ауылшаруашылығы тауар өндірушілері егін шаруашылығына керекті минералды тыңайтқыштарды сатып алуда. Сондай-ақ, тұқымдық материалдарды көктемгі егу жұмысына дайындау белсенді жүргізілуде. Айталық, ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне қажетті 7 тонна көпжылдық шөп, 300 тонна күріш, 100 тонна жүгері, 106 тонна бидай, 252 тонна майбұршақ, 412 тонна арпа тұқымы дайындалған. Себілетін тұқымның сапасы тексеріліп, шаруаларға үлестіруге дайын.

«Көктемнің күні жылға азық» дегендей, егін егу жұмысы сәтті жүргізіліп, оны баптау ойдағыдай болса, күз келе шаруаның қамбасы тағы да астыққа толады.

Қ. ОМАРАҚЫН
Қаратал ауданы