АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: КҮН ЭЛЕКТР СТАНСЫСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Уақыты: 04.09.2019
Оқылды: 761
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдаумен қуаттылығы 100 МВт күн электр стансысы пайдалануға берілді. Жоба 270 Га жер телімінде күн паркін, 220 кВ қосалқы станциясын және 220 кВ жоғары вольтты желінің құрылысын қамтиды. Ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс ҚАСЫМБЕК және Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысты.

Стансының жобалық жалпы құны 27,7 млрд. теңгені құрады. Іске асыру барысында инввесторлар 300 мыңнан астам күн панелдерді орынатты. Жоба бойынша электр стансысы жыл сайын 160 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. КЭС көмірқышқыл газыдың атмосфераға шығарындыларын жылына 150 мың тоннаға азайтады.

«Universal Energy компанисымен бұдан әрі әріптестік жалғасады. Аталған инвестор қосымша 50 МВт болатың ірі күн электр стансысының құрылысын бастамақ. Біздің міндетіміз – елімізде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау. Universal Energy компааниясы тарапынан жобаны іске асыру осыған дәлел», - деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Алматы облысы бойынша аймақтық директорының орынбасары Дарья Овсянникова.

Айта кету керек, жоба құрылысы 2018 жылдың қыркүйегінде басталды. Құрылыс кезеңінде 500-ден астам қазақстандық жұмысшы және 11 қазақстандық құрылыс компаниясы қатысты. Бүгінде компания қосымша 13 тұрақты жұмыс орын құрды. Бұдан бөлек, инвесторлар Алматы облысының әкімдігімен келісе отырып, Қапшағай қаласындағы әлеуметтік нысанды жөндеуге және құрылысқа 250 млн. тенге көлемінде көмек көрсетті.

Анықтама: Universal Energy қызметі күн және жел энергетикасына бағытталған, офистері Шанхайда, Гонконгте, Сингапурда, Алматыда орналасқан. Universal Energy (QAZAQSTAN) Қазақстандағы іске асырылатын жаңартылатын энергия көздер жобаларының жалпы қуаттылығы 380 МВт құрайды.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйым болып саналады. «KAZAKH INVEST» Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіретін «бірыңғай келіссөзші» және инвестициялық преференциялар нысанында инвесторларды мемлекеттік қолдауды және инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қоса алғанда мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай пунктінің рөлін атқарады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Фото - Жұмабай МҰСАБЕКОВ