"ДАМЫП КЕЛЕДІ": HALYK BANK ТӨЛЕМ ЖАСАУДЫҢ ЫҢҒАЙЛЫ ТӘСІЛІН ҰСЫНДЫ

Уақыты: 28.01.2020
Оқылды: 996
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қазақстанда Halyk Bank және Samsung Electronics компаниясы 21 қаңтардан бастап Samsung Pay танымал төлем сервисін ашық тестілеуді бастады.

Оңай, ыңғайлы және қауіпсіз Samsung Pay мобильдік төлем сервисі жанасусыз төлемдерді қабылдайтын кез келген терминалдарда тауарлар мен қызметтердің ақысын тікелей смартфоннан (немесе Samsung смарт-сағатынан) төлеуге мүмкіндік береді.

Осы сервисті қосу үшін Halyk Bank арнайы бонустық акция жариялады. Яғни, Halyk Bank карталарымен Samsung Pay төлемдеріне 10 пайыз бонус ұсынады. Қазірдің өзінде Halyk Bank клиенттері Қазақстанда алғашқы болып Samsung Pay қосымшасын орнатып, Halyk Bank-тің Visa немесе MasterCard карталарын қоса алады.

Ол үшін қысқаша тіркеуден өту қажет (нақты нұсқаулық https://halykbank.kz/kz/card/samsung-pay сайтында берілген). Айте кетерлігі, карта иесі туралы ақпарат және басқа да деректер телефонда немесе компанияның серверлерінде сақталмайды, сондықтан да олар құпия болып есептеледі. Банктің жаңа төлем сервисі жөнінде:

Жаңа коммуникациялық және банктік технологиялардың арқасында елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығы соңғы уақытта айтарлықтай өсті. Бұл тұрғыда Halyk Bank заман талабына сай бизнес-процестерімізді ары қарай цифрландыру бағытымен дамып келеді. Бүгін біз Samsung Electronics компаниясымен бірлесіп Қазақстан нарығында бірегей қолайлы сервисті ұсынып отырмыз. Бұл – бүгінде дүкендерде, кафе, мейрамханаларда, қоғамдық көлікте, сондай-ақ, электрондық үкімет порталында (eGov) мемлекеттік қызметтер үшін төлем жүргізгенде қолданылатын біздің банк ұсынып отырған QR-төлемдерге және басқа да сервистерге қоса жанасусыз төлеудің тағы бір ыңғайлы тәсілі, – дейді Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Samsung Pay сервисі ағымдағы жылдың ақпан айының соңында ресми түрде іске қосылмақ. Ал Galaxy Watch смарт-сағаты Samsung Pay қызметін 2020 жылғы наурыздан бастап қолданады.

Samsung Pay – бұл Samsung Electronics әзірлеген мобильдік төлемдер қызметі. Пайдаланушылар оны қолдайтын телефондар және басқа да тағып жүретін құрылғыларды қолдана отырып, төлем жасауға мүмкіндік алады. Сервис NFC төлемдерді қолдап қана қоймай, сонымен қатар, магнит сызығы бар карталарды ғана қолдайтын терминалдардың көмегімен электрмагниттік тарату технологиясын (MST) қолданып төлем жүргізуді де қолдайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"