ҰЛТТЫҚ БАНК ЕСКІРГЕН БАНКНОТТАРДЫ АЙЫРБАСТАУ МЕРЗІМІН ҰЗАРТТЫ

Уақыты: 29.12.2020
Оқылды: 933
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзартты. Бұл туралы "Жетісу" газеті банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты. Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталады. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.

Аймақ бойынша банкноталар Талдықорған қаласы, М.Төлебаев көшесі, 58/64 мекенжайы бойынша Ұлттық Банктің Алматы облыстық филиалы кассасында айырбасталады.

Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады. Толығырақ ақпаратты мына телефоннан ала аласыз: +7 (728) 255-95-09. Е-mail: www. tald_80@nationalbank.kz

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"