Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ТАЛДЫҚОРҒАНДА МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Уақыты: 16.01.2021
Оқылды: 343
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысында «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге байланысты іс-шараларды жүргізу кезінде бәсекелестікті шектеу» тақырыбында іс-шара өткізілді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Шараның мақсаты - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің Президент Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыруын назарда ұстау, сондай-ақ, монополияға қарсы органның ақпараттық ашықтық деңгейін сапалы өзгерту. Жаңа «Open Space» форматында өткен іс-шараға жергілікті атқарушы органдар мен барлық мүдделі тараптар қатысты.

Онлайн жиында (ZOOM) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге байланысты іс-шараларды өткізу рәсімі таныстырылды, сондай-ақ, бұл ретте туындайтын проблемалық мәселелер де қозғалды.

Департамент басшысының орынбасары қатысушылардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Департамент бұл іс-шараны алдағы уақытта әр апта сайын жұма күні өткізуді жоспарлап отыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"