Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНҒА - 155 ЖЫЛ: ПРЕЗИДЕНТ АРНАЙЫ ПОСТ ЖАРИЯЛАДЫ

Уақыты: 05.03.2021
Оқылды: 685
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай әлеуметтік желіде пост қалдырды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті", - деп жазды Президент.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан