Жетісу облысы бойынша аудан әкімдерінің сайлауына 14 үміткер ұсынылды

Уақыты: 09.10.2023
Оқылды: 999
Бөлім: САЯСАТ

Жетісу облысы бойынша алдағы аудан әкімдерінің сайлауына 14 үміткер ұсынылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Соның 9-ы Кербұлақ, ал 5-еуі Сарқан ауданы бойынша сайлауға түсуге ниет білдірді. Кандидаттардың 71,4%-ін елдегі 6 саяси партия ұсынған. Қалғаны өзін өзі ұсыну тәртібімен түседі.

«AMANAT», «Ақ жол», «Қазақстан Халық партиясы» және Respublica партиялары 2 кандидаттан, ал «Ауыл» мен «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы алдағы саяси додаға бір үміткерден қосып отыр. Олардың ең жасы 36, үлкені 57-де. Сайлауға түскісі келетіндердің басым бөлігі – ер азаматтар. Арасында бір әйел үміткер бар. Әзірге 13 кандидаттың сәйкестігі анықталып, екеуі тіркеуден өтті. Бір үміткердің құжаты әлі қаралып жатыр.

- 10 кандидат – мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері. Екеуі – коммерциялық құрылымдардың өкілдері. 2 кандидат жұмыс істемейді уақытша. 10 қазанда кандидаттарды тіркеу аяқталады және олар үгіт жұмыстарына кіріседі. Жалпы бізде сайлауға дайындық жұмыстары жалғасып жатыр, - дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітов.

Фото: ғаламтордан алынды