Тоқаев Қанат Сейдгапбаровты қызметінен босатты

Уақыты: 08.04.2024
Оқылды: 527
Бөлім: САЯСАТ

Қанат Сейдгапбаров қызметінен босатылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Қанат Сейдгапбаров 1978 жылы дүниеге келген. Жоғары заң және экономикалық білімі бар.

2000-2001 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында жұмыс істеген. 2001-2016 жылдары Бас прокуратурада, кейін соның ішінде департамент бастығы болған. 2016-2019 жылдары Президент әкімшілігінде Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2019 жылғы 24 сәуірде Қауіпсіздік кеңесі төрағасының шешімімен Қауіпсіздік кеңесі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Фото: Ақорда