АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: Қ.ТОҚАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ АШЫЛДЫ

Уақыты: 13.05.2019
Оқылды: 1227
Бөлім: САЯСАТ

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалында ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдау штабының ашылу рәсімі өтті. Бүгінде облыстық, 3 қалалық және 17 аудандық штабта қоғамдық қабылдаулар ашылған. Ал үгіт-насихат  жұмысы мамырдың 11 күні сағат 18.00-ден басталды.

Кандидаттың қоғамдық қабылдауы 12 мамыр мен 7 маусым аралығында жұмыс істейді. Кандидаттың сенімді өкілдері ғана жеке және заңды тұлғаларды, азаматтық топтарды қабылдай алады.

Кандидаттың қоғамдық қабылдауларының жұмыс кестесі келесідей:

Дүйсенбі – жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Түскі үзіліс уақыты – 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Сенбі күні 09.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды. Жексенбі күні – демалыс.

Кандидаттың сенімді өкілдері сайлаушыларға кандидаттың Сайлауалды бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кез келген азаматтың арызын, шағымын, ұсыныстары мен тілектерін қабылдайтын болады. Сайлауға қатысты, дауыс беру тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сенімді өкілдер сайлаушыларды бекітілген кестеге сәйкес, күнделікті сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды. Азаматтардың өтініштері, өзге де кіріс хаттары кіріс құжаттарын енгізетін арнайы журналда тіркеледі. Барлық өтініштер, азаматтардың сұрақтары мен тілектері тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні аралығында қаралып, өзге де жауапты мекемелерге қатысты өтініштер қабылданғаннан бастап бес жұмыс күні аралығында толығымен қаралатын болады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ