ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: АЛҒАШҚЫ КЕЛГЕНДЕРГЕ СЫЙЛЫҚ БЕРІЛДІ

Уақыты: 09.06.2019
Оқылды: 1533
Бөлім: САЯСАТ

Халықаралық бақылаушылар Еркін ауылдық округіндегі және "Шығыс" шағын ауданындағы сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты.

Ашыбұлақ көшесіндегі №26 мектепте орналасқан №1016 және №1017 сайлау учаскесінде 4850 сайлаушы тіркелген. Оның 50 пайыздан астамы келіп, өз таңдауын жасады. Сайлауға келгендердің ішінде 10-нан астамы бірінші рет дауыс берушілер. Ал 94 жастағы ақсақал болса, бата беріп, сайлаудың әділ өтуін тіледі.

Қырғыстан Республикасынан келген халықаралық бақылаушы Азамат Закиров: "Бүгін 10-ға жуық сайлау учаскесін тексерістен өткіземіз. Басты назарды мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне аудардық. Тексерістен өткізген 4 учаскенің барлығы да белгіленген нормалар мен талаптарға сай", - дейді. Сондай-ақ, 26 адам денсаулық жағдайына байланысты үйден дауыс беруге ниет білдірген.

Ал "Шығыс" шағын ауданындағы №1007 сайлау учаскесінде 2822 адам тіркел|п, оның 1000-нан астамы өз таңдауын жасады. Аталмыш учаскенің талаптарымен танысқан xалықаралық бақылаушы Асқарбек Эрназаров ешқандай құқықбұзушылық орын алмағандығын мәлімдеді.

Айта кетерлігі, сайлауға Қырғыз елінен 38 бақылаушы келген. Оның бесеуі Алматы облысына бекітілді. Сонымен қатар, әр сайлау учаскесінде алғашқы 15 сайлаушыға сыйлық пен сертификаттар табысталды.

Еңлік ҚАБДЕШ

Талдықорған қаласы