ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ: ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ӘР САЛАНЫҢ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Уақыты: 28.11.2019
Оқылды: 1251
Бөлім: САЯСАТ

Бүгін М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің акт залында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтті.

Шарада Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады. Құттықтауында Елбасының кемел саясаты нәтижесінде жеткен мемлекет жетістіктері сараланды. Сондай-ақ, ауданның әр саласында еселі еңбегімен ел мерейін асырып жүрген азаматтар Алғыс хатпен марапатталды. Олардың қатарында полиция қызметкері, ақ желеңді абзал жан, ұлағатты ұстаздар да бар.

Салтанатты шарада жиылған қауым облыстық "Құлансаз" фольклорлық оркестрінің концерттік бағдарламасын тамашалады.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы