ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫ: ЕЛІМІЗДЕ ТАҒЫ БІР ҚАЛАНЫҢ АТАУЫ ҚАЗАҚШАЛАНДЫ

Уақыты: 03.01.2020
Оқылды: 1580
Бөлім: САЯСАТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын.

2.Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын.

3.Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 2 қаңтар № 235", - делінген Жарлық мәтінінде.

Сөйтіп, елімізде тағы бір қаланың атауы қазақшаланды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды